Дисплей
Көрінісі 30 %-ға кеңейтілген аудиовизуалды навигация (AVN) мен кластердің үйлесімі. Бүкіл аспаптар панеліне созылып жатқан ол жолдан жаңылыспауыңыз үшін маңызды жаңартуларды, навигацияны және көмек туралы ескертулерді беріп отырады. Ал дауысты тану функциясының көмегімен тіпті экранды түртпей-ақ жылыту жүйесін, кондиционерді, әйнеккөтергіштерді және көптеген басқа функцияларды басқара аласыз.
Тіпті түнде де, нашар ауа райында да немесе артқы әйнек жабық тұрғанда да артыңызда не орналасқанын көре алуыңыз үшін артқы жақтың кең бұрышты айқын көрінісінен ләззат алыңыз.
Жолды және қоршаған орта мән-жайын бейнеге жазып алыңыз және қажет болса, навигация жүйесі арқылы оған кіру рұқсатын алыңыз. Сондай-ақ My Genesis қолданбасының көмегімен смартфонмен синхрондау арқылы бұрынғы жазбаларыңызды да қарап көре аласыз.
*Тұрақта тұрған кезде 12 сағатқа дейін жазуға болады (қосымша аккумулятор қолданылған жағдайда).
Интерактивті сенсорлық контроллер — бұл автокөлікті басқарудың интуитивті түсінікті тәсілі. Қолмен жазып енгізудің көмегімен контактіні ашу үшін аты-жөнін жазуға болады, ал ишараларды тану жылдам мәзірлерді жеңіл шақыруға мүмкіндік береді.
*Спецификациялар модельге және/немесе елге байланысты өзгеше болуы мүмкін.