Спорттық стиль мен сән-салтанаттың тамаша үйлесімі

Спорттық стиль мен сән-салтанаттың тамаша үйлесімі

Genesis GV80 Coupe спорттық дизайны мен техникалық сипаттамалары арқылы сән-салтанатты жаңа деңгейге көтереді. Бұл спорттық элеганттылықтың, ерекше стильдің, жүргізу динамикасының және жол талғамайтын көліктің беріктігінің үйлесімі.

*Бұл материалда көрсетілген дизайн, түстер, ерекшеліктер және техникалық сипаттамалар сатып алушыға жалпы түсінік беру үшін ғана ұсынылған және нақты автомобильден өзгеше болуы мүмкін.

Сыртқы көрінісі

Сыртқы көрінісі

Купе шанағының төбе сызығының және фирмалық парабола пішінді сызықтың арқасында оның дизайны сәнді әрі нәзік сырт көрініс қалыптастырып тұр.

Күңгірт хромдалған қыстырмалар спорттық бейнені күңгірт реңкімен ерекшелей отырып, қауіпсіздік белбеуінің сызығы мен есік тұтқаларын айшықтап көрсетеді.

Купеге арналған эксклюзивті дөңгелектер таңдауға 20 немесе 22 дюймдік өлшеммен ұсынылады және батыл геометриялық шабақтармен әшекейленген. Суппорт қызыл және қара түстерде жеткізіледі, бұл оған таңдаулы спорттық келбет береді.

Радиатор торы

Радиатор торы

Genesis фирмалық стилінде жасалған G-Matrix қосарлы суреті бар радиатор торы көбірек спорттық келбет қосып тұр. Ол бамперге дейін созылып жатыр және алдыңғы бөліктің батыл сыртқы көрінісін айшықтап көрсететін күңгірт хромдалған молдингімен және тормен сәнделген.

Артқы құрама шам

Артқы құрама шам

Артқы құрама шам ұзын және жіңішке, артқы бөліктің бүкіл енімен өтіп тұр және алдыңғы бөлікпен біртұтастық сезімін береді.

Купенің бампері мен қосарланған артқы бәсеңдеткіші әсерлі артқы бөлікті қалыптастырып, жақсы үйлесіп тұр.