ЖҮРУ СИПАТТАМАЛАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН СТИЛЬ

ЖҮРУ СИПАТТАМАЛАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН СТИЛЬ

Бос кеңістікке ерекше көңіл бөлінген интерьер өзінің таңдаулы және еліктіретін бөлшектерімен кез келген қызықты сапарға сарын беріп тұрады.

Жарыс автокөліктерінің стилінде жасалған руль мен D пішінді кесігі бар руль астындағы ауыстырып қосқыштар сізге бүгінгі таңдағы ең қызықты саяхатты жасауға мүмкіндік береді.

Carbon Garnish — жоғары класты имиджді одан әрі айшықтай түсуге арналған бүкіл салондағы металл нақыштар мен нағыз көміртекті талшықтар.

Былғары орындықтардағы Coupe-ге арналған эксклюзивті дизайндары спорттық сырбаздықты бейнелейді және Nappa тесікті түйіршікті былғарысынан немесе сырылған былғарысынан жасалған.

27 дюймдік OLED дисплей

27 дюймдік OLED дисплей

27 дюймдік OLED дисплей мен жіңішке желдету саңылаулары салонға отырған әрбір жанның назарын бірден өзіне аудартатын әсем визуалды көріністі қалыптастырады. Оның астындағы жіңішке хромдалған ауа қармауыш жылтырлық береді, таңдаулы әрі спорттық атмосфера түзеді.

СІЗДІҢ БАТЫЛ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН КЕҢІСТІК

СІЗДІҢ БАТЫЛ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН КЕҢІСТІК

GV80 Coupe заттарды сақтауға қажетті кеңістікті қамтамасыз етеді, сөйте тұра әсемдігін де жоғалтпайды. Артқы жүксалғышқа 644 литрге дейін зат сыяды, өмірлік қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін орын жеткілікті.

Жақсартылған

БӘРІНЕ АРНАЛҒАН СӘН-САЛТАНАТТЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Жұмсақ орындықтар мен ыңғайлы нақыштар — бұл автокөлікте отырғандардың бәрін таңғалдырып, тамсандыратын спорттық стиль мен ыңғайлы жайлылықтың мінсіз үйлесімі.

Бірінші қатар.

Бірінші қатар. Жылытқышы және стерильдеу функциясы бар шынтақтаяныш орындықтарды жылыту жүйесіне жалғанған, бұл суық ауа райында жылу мен жайлылықты жеңіл қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шынтақтаяныштың ішіндегі ультракүлгін сәуле тарататын кіріктірілген жарықдиодты шамдар қозғалыс кезінде заттарды стерильдейді.

Ergo Motion (AGR) алдыңғы орындығын

Ergo Motion (AGR) алдыңғы орындығын эргономиялық дизайны үшін Aktion Gesunder Rucken e.V. неміс компаниясы атап көрсеткен. Ол жайлылықты қамтамасыз етеді және сымбатты жақсартады, көлік жүргізу кезіндегі шаршауды азайтады, сондай-ақ қозғалыс режиміне немесе жылдамдыққа байланысты күшейтілген бүйірлік таянышты қамтамасыз етеді.

Mood Curator-да (Көңіл күй кураторы)

Mood Curator-да (Көңіл күй кураторы) 4 режим бар — «Сергектік», «Таңырқау», «Қамқорлық» және «Жайлылық», — сондықтан жолаушылар иісінен рақаттанғысы келетін хош иісті таңдап алып, өз сапарларын баптай алады. Сурет анықтамалық мақсатта ғана келтірілген.

img
img
img

Екінші қатар. Электрондық түрде басқарылатын және желдеткіші бар 2-қатар орындықтары максималды жайлылықты қамтамасыз ету үшін артқа шалқайтыла, шегіндіріле және еңкейтіле алады. Қозғалыс кезінде мінсіз температураны ұстап отыру үшін желдеткішті де реттеуге болады. Жүргізуші де ақпараттық ойын-сауық жүйесінің көмегімен орындықтардың екінші қатарын ыңғайлы басқара алады.

2-қатардың интеллектуалды ойын-сауық жүйесі бөлек мониторлармен жабдықталған, олар екінші қатардағы жолаушыларға саяхат кезінде ермек табуға көмектеседі. Әрбір 14,6 дюймдік дисплей ағындық платформаларға кіру рұқсатын қамтамасыз етеді және құлаққаптарды ыңғайлы жалғау үшін Bluetooth байланысын қолдайды.

*2-қатардың интеллектуалды ойын-сауық жүйесі — таңдауға болатын опция.
*Ағындық сервистердің қолжетімділігі суретте көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
*Ағындық сервистерге кіру үшін әрбір контент-платформаның аккаунтында бөлек ақылы жазылу қажет.