ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН GENESIS GV70 МОДЕЛІНІҢ САТЫЛЫМЫ БАСТАЛДЫ

«Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Genesis Қазақстан ресми дистрибьюторы GV70 орта өлшемді премиум жол талғамайтын көлігінің жаңартылған моделі сатылымының басталғаны туралы хабарлайды. 

Жаңартылған GV70 моделі дизайн, жабдық және технологиялық шешімдер жағынан бірқатар жетілдірілді. Сыртқы өзгерістерге жаңа қосарлы G-matrix торы, MLA (Micro Lens Array) технологиясы бар фаралар, жаңартылған алдыңғы және артқы бамперлер, жаңартылған артқы спойлер және түтін шығару жүйесінің келте түтігі кіреді. Модель жаңа 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілермен жабдықталған.

Интерьердегі басты инновация – цифрлық аспаптар тақтасы мен мультимедиалық жүйені біріктіретін 27 дюймдік OLED дисплейі. Сондай-ақ күрделі әрі таза дыбысты беретін Bang & Olufsen премиум санатты аудиожүйесін қосымша алуға болады.

Genesis GV70 толық жетек жүйесімен және 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған. Клиенттерге бензин турбоқозғалтқыштарының екі нұсқасы қолжетімді: біреуі – 249 а.к. қуатымен 2,5 л, екіншісі – 380 а.к. қуатымен 3,5 л.

Қазақстанда GV70 моделіндегі автокөліктер әртүрлі түсте және техникалық жабдықталу нұсқасында қолжетімді. Клиенттер опциялардың, экстерьер мен интерьер түстерінің комбинацияларын өз қалауына сәйкес таңдай алады. Опциялардың базалық жиынтығы бар автокөліктің құны 30 535 000 теңгеден басталады. Genesis GV70 жаңартылған моделі Астана және Алматы шоурумдарында қолжетімді.

Genesis GV70 ЕАЭО қауіпсіздік стандарттарына сәйкес сертификаттаудың барлық кезеңінен өтті және 2025 жылдың наурыз айында КҚТМ сертификатын алды. Қазақстандық нарық үшін модель Hyundai Trans Kazakhstan зауытында өндіріледі.


Басқа жаңалықтар