GV80 дизайнымен танысуды ұсынамыз

GENESIS брендінің бірегей философиясы кезекті биігін бағындыруда: атлеттік сырбаздық өзінің мінсіз формасында.

Дизайн

Дизайн

Атлеттік бітім мен адуын мінездің арасындағы, жайлылық пен қауіпсіздіктің арасындағы тепе-теңдік принциптерін сақтай отырып, толықтай технологиялық басымдықты сырбаздықпен біріктіре отырып.

Дизайн

Экстерьер

Автокөліктің алдыңғы жағы

GENESIS GV80 бойына жол талғамайтын көліктің мүсінін және премиумдық седанның сырбаз нақыштарын жинаған. Оның келбетінде атлеттік сырбаздық пен асыл тұқымды қуаттың нақыштары айқаса өрілген. Бампер, радиатор торы, алдыңғы Quad lamps фаралары — барлық белгілер Genesis брендінің бірегей және танымал дизайн-тұжырымдамасымен тоғыстырылған.

Өлшемі 22 дюймдік дөңгелек дискілері.

Экстерьер

Өлшемі 22 дюймдік дөңгелек дискілері.

22 дюймдік дөңгелек дискілерінің стильді, премиумдық дизайны спорттық кроссовердің пропорционалды сырт келбетін тамаша толықтырады.

Экстерьер

Жарықдиодты артқы шамдар.

Толықтай жарықдиодты құрамдастырылған артқы шамдар жоғары технологиялы кроссовердің аласа бойлы және кең сұлбасын сәтімен жиектеп тұр.

Интерьер

Нәзік орындалу, тамаша материалдар және өлшенген түстік шешімдер — сіздердің алдарыңызда шынайы премиумдық интерьер.

Интерьер
Интерьер

Нәзік орындалу

Екі түсті дизайнда жасалған эргономиялық пішінді былғары руль GENESIS шынайы стиліне жанасу керемет сезімін сыйлайды.
Nappa керемет былғарысы қолданылған интерьер шеберліктің максималды дәрежесімен жасалған және өте жақсы сапалы бөлшектермен толықтырылған. Nappa былғары тыстамасы теңдесі жоқ табиғи текстурасымен және G-Matrix сәнді тігісімен таң қалдырады.

Интерьер

G-Matrix суреті бар алюминиймен әрлеу

Салонның G-Matrix суреті бар алюминиймен әрленуі интерьерге бұрынғыдан да көп сәнділік қосады.

Сенсорлық контроллер

Пернетақтадан машақатпен енгізудің орнына қолмен жазылған мәтінді тану функциясы бар сенсорлық контроллер навигациялық ақпараттың бапталуы мен енгізілуін жеңілдетеді және тездетеді.

Алдыңғы панельдің жасанды былғарымен әрленуі

Интерьердің сырбаздығын ең жоғары сапалы тігіс жүргізілген жұмсақ жасанды былғарымен қапталған алдыңғы панель айшықтап көрсетеді.

img
img
img
14,5 дюймдік ақпараттық-ойын-сауық жүйесі

Ақпараттық-ойын-сауық жүйесі

14,5 дюймдік ақпараттық-ойын-сауық жүйесі

Интуитивті интерфейсі және ыңғайлы функциялардың ауқымды спектрі бар 14,5 дюймдік ақпараттық-ойын-сауық жүйесі. Ultra HD LCD технологиясы бар үлкен 12,3 дюймдік 3D аспаптар тақтасы тамаша пайдаланушылық сипаттамаларына және асқан заманауи сыртқы түрге ие.