Өзіңізге genesis gv80-ді ашыңыз

GENESIS желісіндегі кроссовердің бірінші моделі сізді мүлдем жаңа тәжірибеге жетелейді.

Үңіліп қараңыз

ҮҢІЛІП ҚАРАҢЫЗ

Атлеттік бітім мен адуын мінездің арасындағы, жайлылық пен қауіпсіздіктің арасындағы тепе-теңдік принциптерін сақтай отырып, толықтай технологиялық басымдықты сырбаздықпен біріктіре отырып, GENESIS GV80 стилімен және шынайы премиум екендігіне сенімділігімен жарқырайды.

ҮҢІЛІП ҚАРАҢЫЗ

Дизайн

1 РАДИАТОР ТОРЫ

Genesis фирмалық дизайны люкс бренд болу мақтанышын бейнелейді.

2 Quadlamps алдыңғы фаралары

Жіңішке сызық фаралардың үстіңгі және астыңғы жарық элементтерін бөліп тұр — GENESIS дизайнына тән бұл сызық автокөліктің алдыңғы жағына атлеттік бейне қосады.

3 Кең сұлба

GENESIS GV80 бойына жол талғамайтын көліктің мүсінін және премиумдық седанның сырбаз нақыштарын жинаған. Оның келбетінде атлеттік сырбаздық пен асыл тұқымды қуаттың нақыштары айқаса өрілген.

4 Shift-by-wire (SBW)

Орталық консоль үшін арнайы әзірленген Shift by Wire (SBW) бұралатын ауыстырып қосқышы сәндендіріліп мөлдір түрде жасалған және интуитивті түсінікті басқаруды қолдайды.

img
img
img
img
Жол шуылын белсенді басу жүйесі

Жол шуылын белсенді басу жүйесі

Бұл жүйе жолмен жанасқан кездегі шиналардың дірілін, салондағы шуыл деңгейін есепке алады және автокөліктің динамиктері арқылы қарсы фазалы жауап дыбыс толқындарын жасап шығарады, осылайша шуылды барынша азайтады және толық тыныштықты қамтамасыз етеді.

Толық жетек жүйесі

Өнімділік

Толық жетек жүйесі

Қуат жолмен немесе жолсызбен жүру жағдайларына сәйкес оңтайлы үлестіріледі. Қуатты алдыңғы және артқы дөңгелектердің арасында үлестіру үшін толық жетек жүйесі жылдамдықты және жол жағдайларын қадағалап отырады. e-LSD механизмі қуатты артқы сол жақ және оң жақ дөңгелектердің арасында үлестіреді, тегіс емес жолмен жүрген кезде тұрақтылықты қамтамасыз етеді.