GV70 ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Қауіпсіздік және жүргізушінің көмекші жүйелері қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді, ал интуитивтік түсінікті басқару көлік жүргізуден жаңа әсерлер алуға мүмкіндік береді.

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

GV70 автокөліктің тұжырымдамасын өзгертетін озық технологиялармен жабдықталған. Барлық қажетті басқару элементтері мен индикаторлар жүргізушіге бағдарланған және қол созым жерде орналасқан.

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ

14,5 дюймдік дисплей

Кең форматты 14,5 дюймдік дисплей бірнеше функцияны бір мезгілде қолдану үшін экранды бөлуге мүмкіндік береді. Ал смартфондармен интеграциялану функциясының арқасында Apple Carplay немесе Android Auto көмегімен смартфоннан музыка тыңдауға болады.

12,3-дюймдік 3D АСПАПТАР ТАҚТАСЫ

Ажыратымдылығы жоғары экраны бар аспаптар тақтасының жүргізу режимдеріне байланысты тақырыптарды таңдау мүмкіндігі бар. Аспаптар тақтасында орналасқан арнайы камера жүргізушінің көздерінің күйін анықтайды және арнайы көзілдіріктерді қолдану қажеттігінсіз 3D әсер қалыптастырады.

img
img
Genesis контроллері

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАҚЫЛАУ

Genesis контроллері

Қажетті музыкалық трек немесе телефон нөмірін табу үшін Сізге виртуалды пернетақтаны қолдану немесе экранға бірнеше рет басу қажет болмайды. Сенсорлық панелі бар Genesis контроллері қажетті ақпаратты іздеу үшін қолжазба түрінде енгізуді қолдануға мүмкіндік береді.

Жүргізуші мен жолаушыға

GV70-те жолаушылар үшін бүкіл сапар барысында максималды жайлы жағдайлар сақталып отырады.

Жүргізуші мен жолаушыға
Жүргізуші мен жолаушыға
Ergo Motion жүргізуші орындығы

Ergo Motion жүргізуші орындығы

Жүргізуші орындығы ERGO motion жүйесімен жабдықталған. Мінсіз отыру қалпын қамтамасыз ету үшін орындыққа кіріктірілген жеті камераның әрқайсысына ауаның берілуі жеке реттеледі. Бүйірлік тіреудің қарқындылығы жүргізу режиміне және бұрылыстардан өту жылдамдығына байланысты өзгере алады. Ал жаттығу режимі жолдағы шаршауды басуға көмектеседі.

AGR (Aktion Gesunder Rucken) сертификаты

Омыртқа проблемаларын емдеу және алдын алу жөніндегі қауымдастық арқаның жайлылығы мен денсаулығы үшін арнайы жасалған бұйымдарға сапа белгісін береді. Олар орындық реттемесінің жайсыздыққа қалай жол бермейтіні және шаршауды басатыны бойынша әртүрлі медицина салаларының сарапшылары тарапынан бағаланады.

Артқы орындықтар (желдеткіші және жылытқышы бар / 60:40 арақатынаста жиналады)

Артқы орындықтар (желдеткіші және жылытқышы бар / 60:40 арақатынаста жиналады)

Екінші қатар орындықтарының жылыту және желдету жүйесі бар, сондай-ақ қажет жағдайда 6:4 пропорциясында жеңіл жиналады.