GENESIS GV70 БЕЛСЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК  ЖҮЙЕЛЕРІ

Озық белсенді қауіпсіздік жүйелері көлік жүргізуді жайлы әрі қауіпсіз ете отырып, ықтимал қауіп-қатерлер туралы ескертеді.

ҚАУІПСІЗДІК

ҚАУІПСІЗДІК

GV70 белсенді қауіпсіздік жүйелері қозғалыс кезіндегі қауіптер туралы ескертеді. Артық ештеңе жоқ — тең жайлылық пен қауіпсіздік.

ҚАУІПСІЗДІК

ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

Жүргізушінің озық көмекші жүйелері бүкіл сапар барысында кез келген қауіп-қатерді уақтылы анықтайды және оның алдын алады.

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КРУИЗ-КОНТРОЛЬ

ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КРУИЗ-КОНТРОЛЬ

Интеллектуалды круиз-контроль жүйесі тас жол үстіндегі сапарды қауіпсіз етеді.

АЙНАЛА ШОЛУ ЖҮЙЕСІ (SVM)

ТҰРАҚҚА ЖАЙЛЫ КІРУ

АЙНАЛА ШОЛУ ЖҮЙЕСІ (SVM)

Автокөлікке орнатылған бейнекамералар 360° көріністің арқасында мән-жайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді және тұраққа қауіпсіз кіруді қамтамасыз етеді.

МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ

14,5 дюймдік дисплей

Кең форматты 14,5 дюймдік дисплей бірнеше функцияны бір мезгілде қолдану үшін экранды бөлуге мүмкіндік береді. Ал смартфондармен интеграциялану функциясының арқасында Apple Carplay немесе Android Auto көмегімен смартфоннан музыка тыңдауға болады.

12,3-дюймдік 3D АСПАПТАР ТАҚТАСЫ

Ажыратымдылығы жоғары экраны бар аспаптар тақтасының жүргізу режимдеріне байланысты тақырыптарды таңдау мүмкіндігі бар. Аспаптар тақтасында орналасқан арнайы камера жүргізушінің көздерінің күйін анықтайды және арнайы көзілдіріктерді қолдану қажеттігінсіз 3D әсер қалыптастырады.

img
img
Genesis контроллері

Genesis контроллері

Қажетті музыкалық трек немесе телефон нөмірін табу үшін Сізге виртуалды пернетақтаны қолдану немесе экранға бірнеше рет басу қажет болмайды. Сенсорлық панелі бар Genesis контроллері қажетті ақпаратты іздеу үшін қолжазба түрінде енгізуді қолдануға мүмкіндік береді.

Ergo Motion жүргізуші орындығы

Ergo Motion жүргізуші орындығы

Жүргізуші орындығы ERGO motion жүйесімен жабдықталған. Мінсіз отыру қалпын қамтамасыз ету үшін орындыққа кіріктірілген жеті камераның әрқайсысына ауаның берілуі жеке реттеледі. Бүйірлік тіреудің қарқындылығы жүргізу режиміне және бұрылыстардан өту жылдамдығына байланысты өзгере алады. Ал жаттығу режимі жолдағы шаршауды басуға көмектеседі.

Артқы орындықтар (желдеткіші және жылытқышы бар / 60:40 арақатынаста жиналады)

Артқы орындықтар (желдеткіші және жылытқышы бар / 60:40 арақатынаста жиналады)

Екінші қатар орындықтарының жылыту және желдету жүйесі бар, сондай-ақ қажет жағдайда 60:40 пропорциясында жеңіл жиналады.