GENESIS G80-нің технологияларымен танысуды ұсынамыз

Озық басқару технологияларының арқасында сенімділік пен тыныштық кез келген саяхаттағы Сіздің тұрақты жолсеріктеріңіз болады.

Технологиялар

Технологиялар

G80-нің әртүрлі ыңғайлы функциялары автокөлікте жаңа және таң қаларлық мүмкіндіктер ашады.

Технологиялар

Жүргізушінің жайлылығы

ERGO motion жүргізуші орындығы

Жүргізуші орындығы ERGO motion жүйесімен жабдықталған. Мінсіз отыру қалпын қамтамасыз ету үшін орындыққа кіріктірілген жеті камераның әрқайсысына ауаның берілуі жеке реттеледі. Бүйірлік тіреудің қарқындылығы жүргізу режиміне және бұрылыстардан өту жылдамдығына байланысты өзгере алады. Ал жаттығу режимі жолдағы шаршауды басуға көмектеседі.

Ыңғайлылық

12.3" Үш өлшемді цифрлық аспаптар тақтасы

Таңдалған жүргізу режиміне байланысты ажыратымдылығы жоғары кең форматты 12,3 дюймдік 3D-дисплей ақпаратты көрсету стилін өзгертеді. Кіріктірілген камера жүргізушінің жанарының бағытын қадағалайды және кез келген көру бұрышында үш өлшемді көріністі сақтай отырып, кескінді бейімдейді.

Қашықтан тұраққа қою интеллектуалды жүйесі (RSPA)

Ыңғайлылық

Қашықтан тұраққа қою интеллектуалды жүйесі (RSPA)

Автокөлікті қашықтан тұраққа қоюға мүмкіндік береді. Басқару салпыншақтың көмегімен жүзеге асырылады. Параллель тұраққа қоюды қоса алғанда алдыңғы жүріспен де, артқы жүріспен де тұраққа қоюға болады.

Кіріктірілген бейнежазғыш

Цифрлық технологиялар

Кіріктірілген бейнежазғыш

Автокөліктің алдыңғы және артқы бөліктеріне ажыратымдылығы жоғары камералар орнатылған. Камералардан алынған кескін мультимедиа жүйесінің кіріктірілген жадында сақталады. Пайдаланушы жазбаны кең форматты дисплейде немесе смартфон экранында қарап көре, сондай-ақ сақталған бейнефайлдарды жүктей алады.

Жеңіл басқару

Тактильді кері байланысы бар микроклиматты басқару сенсорлық блогы

Алдыңғы және артқы орындықтардың жылытқышын немесе желдеткішін, салондағы температураны және ауаның күйін, сондай-ақ руль жылытқышын басқару орталық панельде орналасқан арнайы блоктың көмегімен жүзеге асырылады.

GENESIS touch контроллері

Орталық консольде орналасқан сенсорлы панелі және қолмен жазылған мәтінді тану функциясы бар контроллер ондаған түймелер мен экрандардың орнын басады.

img
img
Диагоналы 14,5 дюймдік ажыратымдылығы жоғары панорамалық кең форматты экранды басқару

14,5 дюймдік сенсорлық экран

Диагоналы 14,5 дюймдік ажыратымдылығы жоғары панорамалық кең форматты экранды басқару

Диагоналы 14,5 дюймдік ажыратымдылығы жоғары панорамалық кең форматты экранды басқару сенсорлы экранның көмегімен немесе қолмен жазылған мәтінді тану функциясы бар GENESIS touch контроллері арқылы жүзеге асырылады. Экран бірнеше секторға бөлінген, олардың әрқайсысында ақпараттың өз түрі көрсетіледі: медиаконтент, ауа райы.

Аудиожүйе

18 динамигі бар Lexicon аудиожүйесі

Тебірентер көлемді дыбыс әлеміне батыра отырып, дыбыстың аса нәзік ұсақ-түйегін беруге қабілетті.

Жолаушыларға

Жүргізуші мен жолаушыға сапарды әлде де ыңғайлы етуге арналған кеңістік.

Жолаушыларға

Артқы орындықтарды қашықтан басқару

Жолаушыларға максималды жайлылық қалыптастыру үшін артқы орындықтардың күйі кең диапазонда реттеледі.

Орындықтардың жылытқышы және желдеткіші

Орындықтардың екеуі де жылыту және желдету жүйелерімен жабдықталған. Ауа циркуляциясының қарқындылығы автокөліктің қозғалу жылдамдығына байланысты. Жылытуды және желдетуді басқару артқы орындықтардағы жолаушылар тарапынан да, орталық панельде орналасқан пульт арқылы жүргізуші тарапынан да жүзеге асырылады.

Артқы қатарға арналған электрлі перде

Оның арқасында GENESIS G80-ді пайдалану нағыз ләззатқа айналатын жағымды және ыңғайлы функциялардың бүтін бір қатарынан алынған біреуі.

Артқы орындықтардың жолаушыларына арналған экрандар

Алдыңғы орындықтардың арқалықтарына кең шолу бұрышы, жеке аудио- және бейнекірістері, сондай-ақ еңкею бұрышы реттелетін жеке 9,2 дюймдік сенсорлы экрандар орнатылған.

img
img
img
img