GENESIS G80-нің динамикалық сипаттамаларымен танысуды ұсынамыз

Бет алған жолдағы кедергілерді анықтауға қабілетті интеллектуалды басқару технологияларының арқасында саяхатыңыз тыныштық пен жайлылық нышанымен өтеді.

Өнімділік

Өнімділік

Турбоқозғалтқыштың жаңа буынының шанақтың ойластырылған конструкциясымен үйлесімі автокөліктің қуаттылығы мен жолдағы тұрақтылығының арасында мінсіз теңгерімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Өнімділік

Өнімділік

Толық жетекті басқару

Жүйе жол төсемінің күйін автоматты түрде анықтайды. Дөңгелектер тайғанаған жағдайда айналдыру сәті алдыңғы және артқы осьтердің арасында қайта үлестіріледі, бұл күрделі жол жағдайларында автокөлікті тұрақтандыруға көмектеседі.

Аспа

Электронды басқарылатын және Road Preview функциясы бар аспа

Электронды басқару жүйесі алдыңғы камерадан келіп түскен жол күйі туралы деректерді талдайды және аспаның қаттылығын кедір-бұдырларға, соның ішінде жылдамдық бәсеңдеткіштен өткен кезде бейімдейді. Осының арқасында жүрістің айрықша жатықтығына және барлық жолаушылар үшін жоғары жайлылық деңгейіне қол жеткізіледі.

Қозғалтқыш

Динамика — бұл тек қуат пен жылдамдық қана емес, бұл сондай-ақ бақылау мүмкіндігі.