Genesis G80-нің дизайнымен танысуды ұсынамыз

Ләм-мим деместен ең бастысы туралы айтып беру. Мән-жайға үңілместен түсінікті болу. Реңктердің бүкіл алуан түрлілігін бір ықшам бейнемен жеткізу. G80 сіздермен сұлулық тілінде сөйлеседі.

Дизайн

Дизайн

Оның дизайны GENESIS брендінің бейнесіне айналды. Стильдің керемет жақтауына салынған қолайлылық — GENESIS G80 дегеніміз осы.

Дизайн
Автокөліктің алдыңғы жағы

Экстерьер

Автокөліктің алдыңғы жағы

Жаңа G80-дегі әрбір бөлшек сіз үшін нағыз жаңалыққа айналады. Бүйірлік қайталағыштардың толқыған сызықтары немесе стильді, динамикасымен жарқырап тұратын дөңгелек дискілері немесе төрт жарық көзі бар жоғары технологиялы алдыңғы фаралар болса да.

Автокөліктің артқы бөлігі

Экстерьер

Автокөліктің артқы бөлігі

Экстерьерге әдемі кіріктірілген кең және қарапайым дизайны бар артқы шамдар төрт жарық көзі бар жоғары технологиялы алдыңғы фараларды үйлесімді толықтырады және Genesis-тің бірегей дизайнын көрсетіп тұрады.

Бүйірлік профиль

Экстерьер

Бүйірлік профиль

Динамикалық және жатық бүйірлік профиль баршаның назарын өзін жеңіл бұрып әкетеді.

Интерьер

Интерьер

GENESIS G80-нің интерьері сізді сезімдердің бүкіл жиынтығын сезінуге мәжбүрлейді.

Интерьер элементтері

Екі түсті былғары руль

Екі түсті дизайнда жасалған эргономиялық пішінді былғары руль GENESIS шынайы стиліне жанасу керемет сезімін сыйлайды.

Nappa премиумдық былғарысы қолданылған интерьер

Nappa керемет былғарысы қолданылған интерьер шеберліктің максималды дәрежесімен жасалған және өте жақсы сапалы бөлшектермен толықтырылған.

Ашық текстурасы бар табиғи ағаш

G80-нің салонының әрлеуінде қолданылатын аса жоғары сапалы буат ең озық технологиялар қолданыла отырып, табиғи ағаштан өндіріледі.

img
img
img

Интерьер

Жіңішке желдету саңылаулары

Автокөліктің алдыңғы панелінде көлденеңінен орналасқан жіңішке желдеткіштің есебінен ашықтық сезімі қалыптасады.

Shift-by-Wire (SBW) электронды селекторы бар 8 сатылы автоматтық беріліс қорабы

Интерьер

Shift-by-Wire (SBW) электронды селекторы бар 8 сатылы автоматтық беріліс қорабы

Жаңа дәлдігі жоғары трансмиссияға жылдамдықтардың жатық, байқалмастай дерлік ауыстырылуы тән. Бұралатын электронды селектор қақталған шыныдан жасалған. Бірегей текстура және кіріктірілген көмескі жарық бүкіл басқару блогының қайталанбас антуражын қалыптастырады.