Сұлулықтың бейнесі

Сұлулықтың бейнесі

G80 дуализмімен танысыңыз: автокөліктің уақытқа бағынбайтын фирмалық дизайнында прогрессивті қуат пен технологиялығы табиғи түрде үйлескен. Ол өз иесінің өмірін табиғи толықтырып қанай қоймайды, сондай-ақ оны жақсы жаққа өзгертеді.

G80 standard

G80 standard

G80 sport

G80 sport

Дизайн

Артқы дизайн

Бәсеңдеткіш қондырмаларының орны ауысқандықтан және бампері анағұрлым бедерлі болғандықтан, автокөліктің артқы бөлігінің дизайнын ықшамдалды. V литерасының формасындағы хромдалған көмкерме артқы жағына әсемдік беріп тұр.

Бүйірлік профиль

Автокөліктің бүйірлік профилін седанның салтанатты шанағымен үйлесетін, жарқын 5 шабақты 20 дюймдік дөңгелек дискілері бейнелеп тұр.

Алдыңғы дизайн

Автокөліктің алдыңғы бөлігінің дизайны фирмалық, екі қабатты Two-Line Crest Grille радиатор торының арқасында таңдаулылығымен ерекшеленеді. Алдыңғы бампердегі серпінді молдинг седанның мүсінін ерекшелеп тұр.

img
img
img

Дизайн спорт

Артқы дизайн

Үш өлшемді бамперлі автокөліктің артқы бөлігі қуатты әрі атлетикалық бейне беріп тұр. Қара акценттер және қос бәсеңдеткіш экстерьерге сән беріп тұр.

G-Matrix үлгісі бар эксклюзивті дөңгелектер

5 шабақты, G-Matrix өрнегі және қара шаңдатпасы бар, эксклюзивті 20 дюймдік жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілер спорттық эстетикаға жан бітіреді.

Алдыңғы дизайн

Автокөліктің алдыңғы бөлігінің дизайны G80 Sport нұсқасы үшін арнайы жасалған қара түсті хромды жабыны бар, екі қабатты Crest Grille радиатор торымен ерекшеленеді. Төменгі кең ауа тартқыштар автокөліктің спорттық мінезін ерекшелеп тұр.

img
img
img