GENESIS G70-ТІҢ ДИЗАЙНЫМЕН ТАНЫСУДЫ ҰСЫНАМЫЗ

Genesis G70 спорт-седанын бүкіл Genesis модельдер қатарының ішінде атлеттік стилистикасы ерекшелендіріп тұрады. Модельдің дизайны оның шұғыл мінезіне сай келеді.

ДИЗАЙН

ДИЗАЙН

G70 қуатты седанының экстерьері Genesis желісіндегі ең спорттық модельдің мінезін айшықтап көрсетеді, ал автокөліктің салоны жүргізушінің максималды ләззат алуы үшін жобаланған.

ДИЗАЙН

ЭКСТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

РАДИАТОР ТОРЫ

Әсем радиатор торы Genesis логотипінің отбасылық гербінен шабыт алған. Ол Quad Lamps фараларының деңгейінен төмен орналасқан және автокөлікті визуалды түрде төменірек етіп көрсетеді. Радиатор торының мінсіз таңдалған пропорциялары «V» әрпіне ұқсайтын пішінге акцент жасауға және G70-тің атлеттік және спорттық бейнесін айшықтап көрсетуге мүмкіндік береді.

ТОЛЫҚТАЙ ЖАРЫҚДИОДТЫ ФАРАЛАР

Толықтай жарықдиодты Quad Lamps фирмалық оптикасы G70 спорттық седанының жоғары технологиялық бейнесін толықтыра отырып, брендтің сәйкестігін күшейтеді.

ДИФФУЗОР ЖӘНЕ ТҮТІН ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕКІ КЕЛТЕ ТҮТІГІ

Шанақ түсіне боялған артқы бампер диффузоры, сондай-ақ оған кіріктірілген түтін шығару жүйесінің екі сопақша келте түтігі модельдің динамикалық бейнесін аяқтап тұр.

img
img
img
Интерьер

ДИЗАЙН

Интерьер

Хай-тек стиліндегі элементтері бар аспаптар тақтасы, жайлы орындықтар және алюминий панельдер — бұл сіздің Genesis G70 салонымен таныстығыңыздың басы ғана.

Жүргізушіге бағдарланған интерьер

ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Жүргізушіге бағдарланған интерьер

Жүргізушіге бағдарланған интерьер G70 салонының барлық қажетті элементтері қол созым жерде орналасқан және автокөлік жүйелерін жайлы басқаруға мүмкіндік береді.

10,25” МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ

10,25” МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ

Диагоналы 10,25 дюймдік кең форматты дисплей Genesis үшін арнайы әзірленген пайдаланушы интерфейсіне қолжетімділік ұсынады.

NAPPA БЫЛҒАРЫСЫ ЖӘНЕАЛЮМИНИЙ ҚЫСТЫРМАЛАРЫ

NAPPA БЫЛҒАРЫСЫ ЖӘНЕАЛЮМИНИЙ ҚЫСТЫРМАЛАРЫ

Жинақы қайып тігілген Nappa былғарысы мен табиғи алюминийден жасалған қыстырмалар спорттық мақамға бағыттайды. G70-тің динамикалық салоны көлік жүргізуден алатын ләззатты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

GENESIS G70 SPORT-ТЫҢ ДИЗАЙНЫ

Модельдің спорттық мінезі бәрінен де Genesis G70 Sport нұсқасында айқын көрінеді. Автокөліктің таң қалдырарлық техникалық сипаттамалары оның назарды өзіне аудартатын радиатор торынан бастап интерьерінің әсем бөлшектеріне дейінгі дизайн элементтерімен айшықталады.

Экстерьер дизайны

СПОРТ-ПАКЕТ

Экстерьер дизайны

G70 Sport бірегей харизмаға ие. G70 седанының Sport нұсқасындағы жоғары технологиялы бейнесін тот баспайтын болаттан жасалған терезелердің ерекше молдингтері және радиатор торының жиектемес, сондай-ақ радиатор торының өзінің күңгірт хроммен әрленуі және Brembo тежегіш суппорттарымен күңгірт түсті 19 дюймдік G-Matrix дискілері секілді бірегей элементтер айшықтап көрсетеді.

Салон дизайны

Спорт-пакет

Салон дизайны

Дамытылған бүйірлік тіреуіші бар орындықтар өзіне премиумдық ромб пішінді тігісімен ерекшеленеді. Есіктер мен аспаптар тақтасындағы алюминийден жасалған әсем қыстырмалар салонның сәнділігін арттыра түседі.