Дизайнынан бастап барлық қырынан әсерлі

Дизайнынан бастап барлық қырынан әсерлі

G70 Shooting Brake интерьерінің жүргізушіге бағдарланған дизайны спорттық эргономиканы, таңдаулы әрлеуді және интеллектуалды технологияларды біріктіреді. Шанақтың парабола пішінді сызықтары еуропалық классикалық купелердің стилистикасымен үйлескен.

ҚОЛАЙЛЫ БОЛУ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

ҚОЛАЙЛЫ БОЛУ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

Ыңғайлы жасалған жүксалғышқа заттарды алып-салу жүйесі оның 403 литрлік көлемінің барлық мүмкіндіктерін пайдалануды мүмкін етеді. Арқалықтары 40:20:40 пропорциясында бөлінетін орындықтарды алдыға жатқызыңыз, сонда көлемі таң қаларлық 1500 литрге дейін ұлғаяды.

G70 Shooting Brake Дизайн

GENESIS ЛОГОТИПІ

Genesis логотипі жаңа, жалпағырақ дизайнға ие болды. Екі жолағы бар қанаттармен қоршалған эмблема стилі экстерьер дизайнында көрініс тапқан.

Фирмалық радиатор торы

Үлкен капот пен фирмалық радиатор торы алдыңғы бөліктің мәнерлі дизайнын қалыптастырады. Радиатор торының жарықдиодты фаралардың екі сызығына қатысты төменірек орналасуының арқасында автокөлік көбірек атлеттік бейнесімен әсер қалдырады.

Quad lamps

Толықтай жарықдиодты бас жарық Quad lamps фаралары G70 Shooting Brake-тің динамикалық экстерьеріндегі айқын заманауи айшықтың қызметін атқарады. Аса жіңішке жарықдиодты модульдер барлық Genesis модельдеріне тән екі жолаққа тізілген.

Бірегей дизайнды 19" дөңгелек дискілері

Бұл мәнерлі дискілер Sport нұсқасына арналған эксклюзивті ұсыныс болып табылады. Аэродинамикалық дизайнының арқасында олар Sport нұсқасының спорттық сипатын айшықтап көрсетеді және Genesis брендін танытатын Brembo тежегіш суппорттарын көрнекілеп көрсетеді.

img
img
img
img
G70 SHOOTING BRAKE-ТІҢ СПОРТТЫҚ ЭКСТЕРЬЕРІ

G70 SHOOTING BRAKE-ТІҢ СПОРТТЫҚ ЭКСТЕРЬЕРІ

G70 Shooting Brake дизайны оның спорттық сипаттарын қуаттайды. Мәнерлі бөлшектердің арасынан фирмалық радиатор торы мен күңгірт хроммен әрленген терезелердің жиектемесін, сондай-ақ 19" дөңгелек дискілерін атап өтуге болады.

G70 Shooting Brake-тің спорттық экстерьері

G70 Shooting Brake-тің спорттық экстерьері

Интерьер жарқын жүргізу мәнерінің жанкүйерлеріне арналған: салон ішінде сәндік тігістері, қайып тігілген және жиектері бар Nappa былғарысынан жасалған орындықтардың әрлемесі, алюминий қыстырмалардың екі нұсқасы және педальдардың спорттық металл қаптамалары қолданылады.

G70 SHOOTING BRAKE ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ

img