КҮН САЙЫНҒЫ ЖАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ТАҢДАМАШЫЛЫҚ

КҮН САЙЫНҒЫ ЖАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ТАҢДАМАШЫЛЫҚ

Жүргізуші орындығынан артқы орындықтарға дейін: GV80 салонда еркін әрі жайлы атмосфераны жасайтын бірқатар жетілдірулерге ие болды.

Ergo Motion алдыңғы орындықтар

Ergo Motion алдыңғы орындықтары эргономикалық дизайны үшін Aktion Gesunder Rucken e.V. арқа денсаулығы жөніндегі неміс ұйымының мадағына ие болды. Олар жайлы және дұрыс отыруға кепіл болады, сөйтіп жүргізу кезіндегі шаршауды басады. Айқын бүйірлік басқыш жылдам бұрылыстарда сенімді түрде ұстап тұрады.

Mood Curator жүйесі

Mood Curator жүйесінде 4 режим бар – Vitality, Delight, Care және Comfort. Олар ұнаған хош иісті таңдап, салондағы атмосфераны дербестендіруге мүмкіндік береді.

img
img

Екінші қатардағы орындықтар ортаңғы қол тірегі бар

Ортаңғы шынтақтаянышы бар екінші қатар орындықтары қозғалыс барысында жоғары жайлылықпен қамтамасыз етеді. Бұған қоса, олардың күйін реттеуге болады. Берілген орындықтардың климаттық қондырғысын жолаушылар да, жүргізуші де (ақпараттық ойын-сауық жүйесі арқылы) басқара алады. Ортаңғы шынтақтаянышта стақанқойыштар, зат қоятын бөлім және смартфондарды сымсыз зарядтауға арналған бөлім бар.

Интеллектуалды ақпараттық ойын-сауық жүйесі

Екінші қатар жолаушыларына арналған интеллектуалды ақпараттық ойын-сауық жүйесі диагоналі 14,6 дюйм, бір-біріне тәуелсіз екі дисплеймен жасақталады. Олар арқылы стримингтік платформаларға кіруге болады және құлаққаптарды оңай қосу үшін Bluetooth-бен істейді.

img
img

САЛОН ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНЫҢ КЕҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

GV80 жайлы әрі стильді салоны сіздің өмір салтыңызға оңай трансформацияланады: 5, 6 не 7 орынға арналған сай келетін конфигурацияны таңдаңыз. Үшінші қатар орындықтарын алдыңғы және артқы салон бөліктерінде, сондай-ақ жүксалғыш бөлімінде бар арнайы түймені басып, жиюға болады. Автокөліктің ішкі кеңістігін өз қажеттіліктеріңізге қарай бейімдеңіз.

5 орындық конфигурация

5 орындық конфигурация – күнделікті сапарларға арналған стандарт жинақтастыру. Нағыз сән-салтанат атмосферасында 5 адамға дейін тасуға арналған.

7 орындық конфигурация

7 орындық конфигурация – жолаушылар үшін көбірек орын қажеттерге. Үшінші қатарда тағы екі жолаушы ыңғайлы орналасады. Артқы орындықтар пайдаланылмағанда, оларды арнайы түймені басып, жинап тастауға болады.

Жүксалғышы

GV80 жүксалғышында гольфқа арналған 4 сөмкеге дейін және Boston Bag сияқты 4 сөмке сыяды. Орындықтардың екінші қатарының артындағы жүксалғыш бөлімнің көлемі 735 л.

img
img
img
img