Көлік жүргізу қауіпсіздігіне жаңа көзқарас

Көлік жүргізу қауіпсіздігіне жаңа көзқарас

Ішінде немесе сыртында, қозғалыста немесе автотұрақта, жолаушының немесе жаяу жүргіншінің орнында - GV70 қауіпсіздікті бірінші орынға қоятын жүйелермен жабдықталған.

Қауіпсіз жүргізу

Қауіпсіз жүргізу

Қауіпсіз жүргізу оңай. Әсіресе апаттар мен оқиғаларды болдырмауға көмектесетін технологиялармен.

Қауіпсіз жүргізу

ТҰРАҚҚА ҚОЮ КЕЗІНДЕ СОҚТЫҒЫСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҮЙЕСІ

Төмен жылдамдықта тұрақ орнынан шыққан кезде, жүйе кеңбұрышты камера және ультрадыбыстық датчиктер көмегімен автокөлік айналасын жаяу жүргіншілер мен кедергілердің бар-жоғына сканерлейді. Ықтимал соқтығысу қаупі анықталғанда, ол ескертуші дыбыстық сигнал шығарады және қажет болғанда, соқтығысудың алдын алу үшін тежегіш механизмдерді белсендіреді.

БЕТПЕ-БЕТ СОҚТЫҒЫСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ 2-ШІ БУЫНЫ

Жүйе әртүрлі ықтимал қауіптерді таниды: алдыңғы жағынан келе жатқан көліктер мен жаяу жүргіншілер, сол және оң жақтағы көлік, алдыңғы жағындағы қатты тежеу. Жүйе жүргізушіге ескерту береді және қауіп жоғарылаған кезде, автоматты түрде төтенше тежеуді қолданады.

АРТҚЫ ЖАҚТА КӨЛДЕНЕҢ БАҒЫТТА ЖҮРІП БАРА ЖАТҚАН НЫСАНДАРМЕН СОҚТЫҒЫСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҮЙЕСІ

Кері жүріс кезінде жүйе сол немесе оң жақтан келе жатқан көліктермен соқтығысу қаупін таниды. Жүйе жүргізушіге ескерту береді және қауіп жоғарылаған кезде, автоматты түрде төтенше тежеуді қолданады.

Көзден таса аймақтардағы соқтығысулардың алдын алу жүйесі (BCA)

Белгілі бір жылдамдықпен жүру кезінде жүйе көрші жолақтарда артқы жақта орналасқан көліктерді анықтайды. Ол жүргізушіге дыбыстық белгімен және жыпылықтайтын шаммен ескертеді және соқтығысу қаупі бар болса, руль арқылы түзеу әрекеттерін орындайды. Сонымен қатар қозғалыс басталған кезде, соқтығысу қаупі артса, жүйе тежеуге көмектеседі.

img
img
img
img
Көлік жүргізу кезіндегі қауіпсіздік

Көлік жүргізу кезіндегі қауіпсіздік

GV70-ті жүргізу кезінде интуитивті интеллектуалды жүйелер қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, олар жолдың басынан бастап трассадан шығуға дейін қозғалыс жолағында қалуға көмектеседі.

Автотұраққа кою кезінде қауіпсіздікт

Автотұраққа кою кезінде қауіпсіздікт

Автотұраққа кою кезінде қауіпсіздікті камералар мен интеллектуалды жүйелер қамтамасыз етеді, олар тұрақ орнынан қиындықсыз кері бағытта шығуға да, тұраққа тұруға да көмектеседі.

Жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін интеллектуалды жүйелердің кең ауқымының арқасында әр сапарда қауіпсіз орта.

Артқы орындықта жолаушылардың бар болуы туралы ескерту жүйесі

Артқы орындықтағы жолаушылар немесе жүк туралы ескерту жүйесі.

Жүргізушінің зейінін бақылау көмекшісі (FAW)

Егер сіз алға қарамасаңыз немесе жолға назарыңызды аудармасаңыз, жүйе оны анықтап, ескерту белгісін береді.

Негізгі жарықты басқарудың интеллектуалды жүйесі (IFS)

Қарсы келе жатқан немесе бағыттас көлік жүргізушілерінің көздерін шағылыстыру қаупін тудырмай, шалғай жарықты қосыңыз. GV70 фаралары жеке басқарылатын жарықдиодты шамдармен жабдықталған, олардың әрқайсысының жарықтығы қажет болған жағдайда бөлек реттеледі.

img
img
img