Үлкен жұмыстық көлемі және 6000 айн/мин мәнінде 413 а.к. тең максималды қуаты бар V8 қозғалтқышы Оның максималды айналдыру сәті 5000 айн/мин мәнінде 505 Nm-ді құрайды. Қозғалтқыш өте тыныш жұмыс істейді, әйтсе де тіпті төмен және орташа жылдамдықтарда айтарлықтай айналдыру сәтін дамытуға қабілетті.
Максималды қуат 6000 айн/мин мәнінде 370 а.к. құрайды, максималды айналдыру сәті - 1300~4500 айн./мин мәнінде 510 Nm. Қозғалтқыш екі турбокомпрессормен жабдықталған және үлкен айналдыру сәтін тез дамытуға қабілетті, сол арқылы қуатты екпіндеуді және жанармайдың тиімді шығынын қамтамасыз етеді.
Максималды қуат 6000 айн/мин мәнінде 309 а.к. құрайды. Максималды айналдыру сәті - 5000 айн/мин мәнінде 391 Nm. Бұл модификацияда динамика мен қуатты арасында оңтайлы тепе-теңдік табылған, бұл жылдамдықтардың бүкіл диапазонында қозғалтқыштың жоғары қайтарымдылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.